• Басты бет
  • /
  • "Digital Bridge 2023"it-форумының халықаралық алаңы
"Digital Bridge 2023"it-форумының халықаралық алаңы

«Жаһандық құзыреттілік» курсы аясында 10-шы сынып оқушылары «Digital Bridge 2023» Халықаралық IT-форумының іріктеу турына қатысты. Аталмыш бағдарлама «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен inDrave Халықаралық IT-компаниясы - Beginit by inDrive ынтымақтастығындағы меморандум бойынша жұмыс істейді. Мектеп оқушылары көшбасшылық және жобалық жұмыстар бойынша курстан өтеді.Сонымен қатар,зерттеулер мен әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді, еліміздің түкпір-түкпірінен өздерінің құрдастарымен танысады және оқу лагеріндегі буткемпте бизнес көшбасшыларынан құнды кеңестер алады. Оқудан кейін қатысушылар өңірлердегі әлеуметтік мәселелер бойынша жеке шешімдерін жасап, оны таныстыра алады. Финалға шыққан қатысушылар Астана қаласының in Vision U жаңа инновациялық университетінің бағалы сыйлықтары мен толық грантына ие болады. Біздің қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз!